26.02.026 ОҚМА Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» бірлестігі кітапхана ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, конференция залында «Абай және Шәкәрім философиясындағы сабақтастық» тақырыбында танымдық-семинар өткізді.
Мақсаты: Қазақ ойшылдары Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық көзқарастарындағы ортақ құндылықтарды саралау, «Толық адам» және «Ар ілімі» тұжырымдамаларының өзара байланысын ашу.
Кітапхана қызметкері А.М. Шохибаева «Абай және Шәкәрім: рухани үндестік» атты тақырыпта мазмұнды әрі тағылымы мол көрме ұйымдастырды. Көрменің басты мақсаты – қазақтың ұлы ойшылдары Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани сабақтастығын, ағартушылық бағыттағы еңбектерін және ұлттық дүниетанымға қосқан үлесін кеңінен насихаттау болды.
Іс-шара барысында оқырмандарға қос ақынның шығармашылық мұрасы, философиялық көзқарастары, адамгершілік пен білімге үндеген ой-толғамдары жан-жақты таныстырылды. Көрмеге олардың кітаптары, зерттеу еңбектері, қанатты сөздері мен өмір жолынан сыр шертетін деректер қойылып, келушілерге мол мағлұмат берілді.






