Отандық және шетелдік ғылыми базаларын тиімді пайдалану

0
6
Кітапхана ресурстары негізінде отандық және шетелдік ғылыми деректер базаларын тиімді пайдалану мақсатында «Нейрохирургия», «Неврология», «Педиатрия», «Неонатология», «Ересектер онкологиясы» және «Травматология» білім беру бағдарламалары бойынша резидент білім алушыларымен оқу сабағы өткізілді.
Сабақ барысында қатысушыларға заманауи электрондық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу мүмкіндіктері, ақпаратты тиімді іздеу стратегиялары, ғылыми мақалаларды іріктеу қағидаттары және дереккөздердің сенімділігін бағалау тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Резиденттер халықаралық және отандық ғылыми басылымдармен жұмыс жасау, электрондық журналдар мен мақалаларды пайдалану, дәйексөз келтіру ережелерін сақтау, сондай-ақ зерттеу жұмыстары мен клиникалық шолуларды дайындау барысында сапалы ақпарат көздерін таңдау дағдыларын жетілдірді.
Практикалық бөлімде қатысушылар қажетті тақырыптар бойынша ақпаратты өз бетінше іздеп, электрондық білім беру платформалары мен ғылыми ресурстарды қолдану арқылы тәжірибелік дағдыларын нығайтты.
Өткізілген сабақ резиденттердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға, ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және кәсіби қызметінде заманауи дерекқорларды тиімді пайдалануға ықпал етті.