2022 жылдың 4 мамырында кітапханалық-ақпараттық орталығында Wiley баспа компаниясының Қазақстан және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық менеджері
Ашимханова Айман «Кокрейн кітапханасы: дәлелді медицина деректер базасында ғылыми ақпаратты табу» атты семинар өткізді. Іс-шараға магистранттар, доктаранттар және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинарда төмендегідей сұрақтар талқыланды
— Кокрейн дегеніміз не?
— Кокрейн кітапханасында не бар?
— Кокрейн кітапханасының негізгі ерекшеліктері қандай?
— Кокрейн кітапханасымен қалай жұмыс істеу керек?
Назарларыңызға «Кокрейн кітапханасы: дәлелді медицина деректер базасында ғылыми ақпаратты табу» презентациясы ұсынылады.







