Кітап оқитын ұлт – кемел болашақ кепілі!

0
26

«Кітап оқитын ұлт» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, зияткерлік әлеуетін арттыру.

Осы бастама аясында 2026 жылғы 5 қарашада ОҚМА-да «Кітап оқитын ұлт – Кітап оқитын университет» марафоны жалғасын тауып, көрнекті жазушы Дулат Исабековтің адамгершілік пен отбасы құндылықтарын арқау еткен «Гауһартас» шығармасына арналған әдеби талқылау ұйымдастырылды.

Рухани-танымдық шараны Кітапханалық-ақпараттық орталық, «Шамшырақ» кітап клубы, «Айкөркем» қыздар кеңесі және «Шабыт» өнер ұйымымен бірлесе өткізді.

Әдеби кездесу барысында студенттер шығармадағы отбасы бірлігі, адамгершілік, адалдық, сүйіспеншілік пен мейірім секілді мәңгілік құндылықтар төңірегінде ой өрбітті. Кейіпкерлердің болмысы мен тағдырына талдау жасай отырып, әр қатысушы туындыдан алған әсерімен, өзіндік пайымымен және жүрегінде сақталған ерекше сезімдерімен бөлісті. Пікір алмасу барысында шығарманың терең философиялық мәні мен тәрбиелік тағылымы кеңінен ашылды.

 

Кітап оқитын ұлт – ойы озық ұлт!
Кітап оқитын ұрпақ – рухы биік, болашағы жарқын ұрпақ!

 

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here