Кітапханалық — ақпараттық орталық 2026 жылғы 10–12 қараша аралығында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың білім беру, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған «Оториноларингология, урология және травматология» кафедрасының күнін өткізеді. Іс-шара аясында оториноларингология, урология және травматология салалары бойынша оқу, ғылыми және анықтамалық басылымдар ұсынылған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияға кітапхана қорындағы бейінді әдебиеттер, жаңа түскен және мерзімді басылымдар, сондай – ақ диагностиканың, емдеудің, профилактика мен оңалтудың заманауи әдістеріне арналған материалдар енгізілді. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды тақырыптық басылымдар топтамасымен таныстырып, қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, толық мәтінді дерекқорлар және тиісті бағыттар бойынша ғылыми әрі оқу әдебиеттерін іздеу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Кафедра күнін өткізу білім беру үдерісін ақпараттық — кітапханалық сүйемелдеуді жетілдіруге, білім алушылардың кәсіби білімін кеңейтуге және кітапхана мен кафедра арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.






