2026 жылғы 02–19 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Кітапханалық-ақпараттық орталығында резиденттерге арналған практикалық сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында қатысушылар электрондық дерек қорларға тіркелу, ғылыми ақпаратты тиімді іздеу және сенімді дерек көздерді дұрыс таңдау жолдарымен танысты.
Резиденттер PubMed, Scopus, Web of Science, eBook Medical Collection EBSCO,MEDLINE Ultimate EBSCO, Open Dissertations EBSCO,BMJ Open , IPR SMART,«Эпиграф», Aknurpress, РМЭБ, және басқада электрондық ресурстарды тәжірибе жүзінде қолданды.
Сабақ нәтижесінде қатысушылар ғылыми мақалаларды, электрондық оқулықтарды және медициналық әдебиеттерді іздеу, қажетті ақпаратты іріктеу және оларды оқумен ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану дағдыларын жетілдірді.








