Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

0
374

2025 жылы 10 қараша  күні ОҚМА  қазақ, орыс  және   латын  тілдері   кафедрасы  мен  кітапханалық — ақпараттық   орталығының   ұйымдастыруымен  кітапхананың  конференция залында Ахмет Байтұрсынұлының  шығармашылығын   насихаттау   мақсатында «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты  әдеби  кеш  болып  өтті.

Кітапхана қызметкері А.М. Шохибаева «Ахмет Байтұрсынұлы  қазақ тілтану ғылымының атасы» атты тақырыпта презентация жасап, ғалымның тіл білімі мен ағартушылық саласындағы еңбектерін кеңінен таныстырды.
Әдеби кеш барысында білімалушылар ұлт ұстазының шығармаларын нақышына келтіре орындады.
Іс-шара соңында қатысушылар «Ұлтын сүйген – ұлы адам» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін тамашалады.Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», т.б. қаламынан туған шығармалары және мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларға шолу жасалынып, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынды.