2026 жылғы 4 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Кітапханалық-ақпараттық орталығында «Эндокринология» мамандығының резиденттеріне арналған «Электрондық дерекқорларға тіркелу және оларды тиімді пайдалану» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – резиденттерді Кітапханалық-ақпараттық орталықтың электрондық ресурстарымен таныстыру, отандық және шетелдік ғылыми дерекқорларға тіркелу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ ғылыми ақпаратты тиімді іздеу және қажетті дереккөздерді дұрыс іріктеу дағдыларын қалыптастыру.
Практикалық сабақ барысында қатысушылар білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті электрондық ресурстардың мүмкіндіктерімен танысып, дерекқорларға жеке тіркелу және ақпарат іздеу жұмыстарын тәжірибе жүзінде орындады.
Ғылыми мақалаларды, электрондық оқулықтарды, медициналық әдебиеттерді және заманауи ғылыми жарияланымдарды іздеу жолдары көрсетілді. Атапайтқанда, PubMed, Scopus, Web of Science, EBSCO, IPR SMART, РМЭБ, Aknurpress, ЭПИГРАФ және басқада электрондық ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сабақ қорытындысында резиденттер электрондық ғылыми ресурстармен жұмыс істеу, қажетті ақпарат тыіздеу және іріктеу, сенімді ғылыми дереккөздерді оқу және зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.







