Кітап оқитын ұлт

0
9

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ жанындағы Жалпы білім беретін кафедрасы мен медицина колледжінің білім алушылары «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын колледж» бағыты бойынша ұйымдастырылған байқауға белсене қатысты. Бұл тағылымы мол шара академияның кітапханалық-ақпараттық орталығының оқу залында жоғары деңгейде өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жастарар асында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, олардың рухани дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар, білімалушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің оқыған кітаптары бойынша ой бөлісіп, әдеби шығармаларды талдап, кейіпкерлер әлеміне терең үңіле білді. Әрбір студент өз білімін, тілбайлығын және сахналық мәдениетін көрсете отырып, байқаудың мазмұнын одан әрі байыта түсті.

Кітапханадағы жайлы атмосфера, білім мен руханиятқа толы орта қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Мұндай шаралар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына да оң ықпалетеді.

Аталған байқау – кітап оқуды насихаттаудың, білім алушыларды ізденіске баулудың және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі болды.