Кафедра күні

0
11

2026 жылғы 13–15 сәуір аралығында кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында «Хирургиялық және ортопедиялық стоматология» және «Терапиялық және балалар стоматологиясы» кафедраларының күндері өтті.

Осы іс-шара барысында оқытушылар өз пәндері бойынша өзекті басылымдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Іс-шара аясында көрме – көрсетілім ұйымдастырылып, онда қазақ және орыс тілдеріндегі 160-тан астамғылыми, оқу және анықтамалық әдебиеттер, сондай-ақ стоматология бойынша мамандандырылған мерзімді басылымдар ұсынылды.

Қордың жаңартылған электронды ресурстары ерекше қызығушылық тудырды: қатысушылар электронды каталог пен толық мәтінді мәліметтер базасынан іздеу мүмкіндіктері туралы білді. Кітапхана қызметкерлері кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді, бұл оқытушыларға кітапханалық-ақпараттық орталық ресурстарын тиімдірек пайдалануға көмектесті.

Іс-шара ақпарат алмасу және оқу процесінің сапасын арттыру үшін пайдалы алаңға айналды.