«Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби кеш болып өтті

0
364

8- қараша  күні ОҚМА  қазақ, орыс  және   латын  тілдері   кафедрасы  мен  кітапханалық — ақпараттық   орталығының   ұйымдастыруымен  кітапхананың  конференция залында Абай  Құнанбайұлы  шығармашылығын   насихаттау   мақсатында «Абайды  оқы, таңырқа!»  атты  әдеби  кеш  болып  өтті. Әдеби  кешті  ОҚМА, қазақ, орыс  және  латын  тілдері   кафедрасының ф.ғ.к., доценті  м.а. Темірбекова  Гүлжәмила Қамбарбекқызы  Абайдың шығармашылынан үзінділер оқып, студенттерге  сәттілік  тіледі. «Абайдың  рухани  әлемі»  атты  ақын  шығармашылығынан көрме  қойылды, видиоролик қойылды. ВМ-МОА-07-24  тобының студенттері Бекенова  Сандина «Ғылым  таппай  мақтанба», Рахматулллаева Зилола «Ғылым  таппай  мақтанба ІІ», Серікхан  Нарбек  «Әсемпаз  болма  әрнеге»,Хасанова  Гюнай «Интернатта  оқып  жүр», Култаева  Милана «Интернатта  оқып  жүр ІІ», ВМ-МОА-08-24  тобының студенттері Исағалиқызы  Шахризада «Білімдіден  шыққан  сөз»,Керманшаев  Мұстафа «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім», ВМ-МОА-06-24  тобының студенттері Сатубалдинова  Жазира  «Пайда  ойлама, ар  ойла», Сарсенбек  Айзат « Қыс», Султанмуратова  Дана «Есіңде  бар  ма  жас  күнің» өлеңдерін  жатқа  оқыды.  ВМ-МОА-05-24  тобының студенті  Дәулетұлы  Ержан домбырамен  «Әлқисса»  күйін  құйқылжыта  орындады. Жастар  саясаты  бөлімінің қызметкері Чапай  Нұршат ақын  шығармашылығы  бізге  жолбастар  шамшырақ дей келе, студенттерді кітап  оқуға  шақырды. Кеш  соңында  оқырманға  қызмет  көрсету  секторының меңгерушісі Балымова Жадыра  Карабековна  студенттердің  шығармашылықтарына  сәттілік  тілеп, қатысушыларды алғыс  хатпен  марапаттады.